Қазақстанда «Мықты әйел» иіс суы шығарылды

3 Наурыз 2019, 15:31
1775
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан халқының 8,7 миллионға жуығы аналар болса, солардың арасында өз кәсібін дөңгелетіп, ел экономикасына үлес қосып жүргендері де аз емес. Ал осындай нәзік жандылардың бизнесін қолдау үшін банктер бірегей бағдарламаларды қолға алған. Соның ішінде несиелік ұсыныстардың тиімділігін атап айтуға болады.

2016 жылдың желтоқсаны мен 2017 жылдың мамыр айларында ForteBank Еуропалық қайта құру және даму банкінен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жалпы көлемі 10 миллион доллар алды. Бұл қаражат 6 ай ішінде толық игерілді. Ал 2018 жылы қаржы ұйымы кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында ForteBusiness Woman бірегей бағдарламасын әзірлеп, іскер ханымдардың 540 жобасына демеушілік жасады. Банктің шағын және орта бизнеске берілген несиелерінің үштен бір бөлігі әйелдерге тиесілі.

«Қазақстанның ІЖӨ 39,5 пайызы, шағын және орта бизнесінің 43 пайызы әйелдердің еншісінде, ал жеке кәсіпкерлердің 52 пайызын нәзікжандылар құрайды. Біз ел дамуына әйелдердің қосқан үлесі қаншалықты зор екенін және ForteBank кәсіпкерлерді белсенді қолдайтынын жұртшылықтың түсінгенін қалаймыз», – дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Арнайы «Бизнес – әйелдердің де ісі» жобасын жасалып, Forte pour Femme — «Мықты әйел» хош иіссуын шығарды. Ақпан айының соңғы аптасында бизнестегі әйелдер тапқан ақшаға иіссу шығарып, ForteBank банкоматтары мен кассалары арқылы айналымға жіберілді. Сондай-ақ, іскер әйелдердің бизнес кассаларында қолма-қол ақшаға сатуға қойылды. Бұл бастаманы 105 сату нүктесі бар 43 кәсіпкер ханым қолдады және олардың саны өсу үстінде.

Мұндағы мақсат – әйелдерді өз ісін ашуға және дамытуға серпін беру, ынталандыру. Ол үшін ForteBank бірнеше танымал кәсіпкер әйелді манифест-бейнероликтің кейіпкері ретінде шақырды.

Қазақстанда «Мықты әйел» иіс суы шығарылды

«2019 жылы ForteBank әйелдер басқаратын компаниялар үшін арнайы бірнеше өнім шығарады. Біз әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сондықтан қазір нақты бизнес-ледилердің пікірін жинаймыз және олардың ұсыныстары мен идеялары бойынша қажетті және ыңғайлы өнімдер жасаймыз», - деп түсіндірді банк басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Өзгелердің жаңалығы