Бас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустың қауіпті кезеңі енді басталды - вице-министр
15 Сәуiр 2020, 20:35 4699

Қазақстанда коронавирустың қауіпті кезеңі енді басталды - вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде коронавирус індетінің шарықтау шегі енді басталды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.

Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, бізде аурудың шарықтау шегі басталды.  Ал сырқаттану көрсеткіші қазір 100 мың адамға шаққанда 7 адамнан келеді.  Осыған байланысты, карантиннен бөлек, енді жекелеген адамдарға, әсіресе елдімекендерде тұратын және жұқтыру қаупі жоғары адамдарға толыққанды скрининг тексеру басталады, - деді Ақтаева.

Оның айтуынша, тестілеу 10 сәуірде басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады.
Сонымен қатар, індеттің таралуымен медициналық ұйымдар күшейтілген эпидемияға қарсы режимге көшуде. Онда әр пациент жұқтыру ықтимал деп саналады.  Осыған байланысты көмек көрсететін медициналық персонал жеке қорғаныс құралдарына көмектеседі, - деді вице-министр.
 
Сонымен қатар ол індетке шалдыққандардың жағдайы туралы айтты.
 ҚР жұқпалы аурулар стационарларында 1034 адам емделіп жатыр. 21 науқастың жағдайы ауыр, 169-ының денсаулығы орташа ауыр деңгейде, 1 пациент қанды оттегімен қанықтыру аппаратына қосылған.Тиісті емдік шаралардан кейін бес пациент жасанды тыныс алдырту аппаратынан алынған. Қазір өздері демалады. 18 адам беті бері қараған соң, жансақтау бөлімінен басқа бөлімшеге ауыстырылды, - деді Ләззат Ақтаева.

Фото: дереккөз
Загрузка...