Бас жаңалықтар
Қазақстанда инфекциялық емес ауру салдарынан қаза тапқандар 60% құрайды – ДСМ
29 Қаңтар 2020, 11:09 97

Қазақстанда инфекциялық емес ауру салдарынан қаза тапқандар 60% құрайды – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде елімізде жалпы өлім-жітім көрсеткішінде инфекциялық емес ауру салдарынан қайтыс болғандар 60% құрап отыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова "Құрамында қанты бар сусындарға салық салу" туралы семинар барысында айтты.

Өлім-жітім көрсеткішін алатын болсақ, инфекциялық емес ауру салдарынан қаза тапқандар саны 60% құрайды. Соңғы бес жылда Қазақстанда инфекциялық емес аурулар көрсеткіші артып отыр. Жүрек-қан тамырлар ауруы 16%, онкологиялық аурулар 2,4% өсті. Қант диабеті 31,1% артса, nыныс жолдары дерті 1% артты, - деді ДСМ өкілі Зәуре Ахметова. 
Соңғы бес жылда 30-дан астам ел, мәселен Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Эстония, Франция және Чили  инфекциялық емес аурулардың халық денсаулығына және экономиканың өнімділігін арттыруға кері әсер етудің алдын алу үшін құрамында қанты бар сусындарға салық енгізді. 

Мамандар салық енгізу арқылы қанты бар сусындарды тұтыну саны азаюы мүмкін  және сол арқылы халық денсаулығы мен ел экономикасына оң ықпал ете аламыз деп отыр. Себебі Зәуре Ахметованың айтуынша, қазақстандықтардың 33,3% құрап отыр.
Инфекциялық емес аурулардың қарқынды дамуының себебі - дұрыс тамақтанбау. Соңғы зерттеулерді алып қарасақ, халықтың 33,3% артық салмақтан зардап шегеді. Семіздік халық арасында 2,9% құрайды. Оқушы балалар газдалған сусындарды көп мөлшерде ішеді. Ұлттық орталық жүргізген зерттеу қорытындысына сүйенсек, 8-9 жастағы балалардың 20% артық салмақтан, 3,2% семіздіктен зардап шегеді, - деді маман.
Елімізде бұл салады ауқымды жұмыс жүргізілген. Мәселен 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекет бағдарламасының аясында дұрыс тамақтануға аса мән бәрілген, мектепте тәтті сусындарды сатуға шектеу қойылған. Дегенмен бұл шара тиімсіз болған.
2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындардың арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дұрыс тамақтанудың бірыңғай стандарты жасақталып, мектептерге белсенді енгізілді. Сонымен қатар мектептерде тәтті сусындарды сату шектелді. Әйтсе де бұл шара айтарлықтай тиімді болмады. Себебі статистика онымен күресудің басқа жолын қарастыру қажеттігін көрсетті, - деді Зәуре Ахметова. 
Маманның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген ұсыным бойынша адам күніне 25 грамм қант тұтыну керек және маман жаңа салыққа қатысты ведомствоның ұстанымын атап өтті.
Дүниежүзілік банк сарапшылары жүргізген сараптамалар нәтижесінде біз сектораралық салық арттыру шарасын жүзеге асыра аламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары ұсынып отырған бір нұсқаны қабылдаймыз, - деді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова.
Қазір елордада денсаулық сақтау және Дүниежүзілік банктің сарапшылары, Қазақстан Республикасындағы салалық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері еліміздегі құрамында қанты бар сусындарға салық салудың әсерін талқылап жатыр.





Фото: автордан
Загрузка...