Қазақстанда имамдарға жалақы тағайындалды

19 Қаңтар 2019, 11:29
3536
Бөлісу:
Қазақстанда имамдарға жалақы тағайындалды

Астанада дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, оларды жалақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен жиналыста оларға ең төменгі жалақы тағайындау туралы шешім қабылданды, деп хабарланды ҚМДБ ресми сайтында.

«Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша бүгін 103 ауыл имамына «Қажылық қоры» есебінен 50 мың теңге қаражат аударылды. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз», – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Еліміз бойынша, 2626 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.

Өзгелердің жаңалығы