Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгерді

4 Ақпан 2019, 18:53
3280
Бөлісу:
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгерді

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 26 915 теңге болды, - деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8% жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа 16,5%, жемістер мен көкөністер 8,3%, нан және жарма өнімдері 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштер 2,2% болды.

теңге

 

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

26 915

21 690

34 050

26 092

31 970

25 384

25 241

 Азық-түлік тауарлары

14 804

11 929

18 728

14 351

17 584

13 961

13 883

 Азық-түлік емес тауарлар

 мен көрсетілетін қызметтер

12 111

9 761

15 322

11 741

14 386

11 423

11 358

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгерді

Ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы