Қазақстанда ауылдардың жартысында жолды жөндеу қажет етеді – Скляр

6 Қараша 2019, 11:19
4215
Бөлісу:
Қазақстанда ауылдардың жартысында жолды жөндеу қажет етеді – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында ауылдарды дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. 

Бүгінде 6444 ауылда 7,7 млн адам тұрады. Ауылдық жерлерде шешілмеген мәселелер бар. Ауылдардың жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Инженерлік желілердің тозуы жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылда білім беру және денсаулық сақтау объектілерін жөндеу қажет. Ауылды дамыту үшін кешенді тәсілді қабылдауды ұсынамыз. Қолданыстағы міндетті бағдарламалар мен "Ауыл – ел бесігі" жобасымен ауылдың инфрақұрылымын жаңғырту жүргізіледі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Бизнестің жол картасы – 2020", "Еңбек" және басқа да қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады, - деді Скляр. 

Премьер-министрдің орынбасары қазіргі таңда даму әлеуеті бар 3477 ауыл іріктеп алынғанын, оның ішінде 1150 – тірек және 2327 – спутниктік, 200 шекара аумағындағы ауылдар енгізілгенін айтты. 
Еліміздің барлық өңірінде ауыл инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту басталады. Көзделген 30 млрд теңгеге 2020 жылы қосымша 50 млрд теңге бөлінеді. Бөлінген қаражатқа 250 ауылда 1641 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, - деді вице-премьер.

Скляр "Ауыл –  ел бесігі" және басқа да әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде әрбір ауылға қаржыландыру көлемі көздерін анықтау және ауыл экономикасын дамыту картасын әзірлеп, тиісті жобалық құжаттаманы дайындау керек екенін айтты.
2027 жылға қарай АӨК дамыту, "Бизнестің жол картасы – 2025", "Еңбек", жергілікті маңызы бар автожолдарды салу мен жөндеу бағдарламаларына бөлінетін қаржы 2 трлн теңгеден астам қаржыны құрайды. 7 жылда жобаны іске асыру кезеңінде 7 млн астам ауыл тұрғынының өмірі жақсарып, 7 мыңнан астам шақырым жол жөнделіп, салынады. Барлық ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылады. Әлеуметтік нысандарды ауқымды жаңғырту жұмыстары жүгізіледі, - деді спикер.
Үкімет басшысы Асқар Мамин жыл соңына дейін үкіметке 2020-2026 жылдарға арналған жаңартылған "Ауыл – ел бесігі" жобасын енгізуді тапсырды. Кешенді жұмыстарды жүргізуге 900 млрл теңге көзделіп отыр.


Өзгелердің жаңалығы