Қазақстанда қашықтан оқыту басталды

6 Сәуір 2020, 11:25
1939
Бөлісу:
Қазақстанда қашықтан оқыту басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайында ҚР білім және ғылым вице-министр Шолпан Каринова қашықтан оқытудың аралық көрсеткіштері атты онлайн мәлімдемесінде атап өтті. 

Бүгіннен бастап 1 миллионға жуық оқушы таңертеңгі 9.00-ден 14.30-ға дейін "Балапан" және "Еларна" телеарналары арқылы білім алуда. Бастауыш пен 9-сыныпқа дейінгі оқушылар таңертеңгілік оқыса, жоғары сынып оқушылары түстен кейін оқитын болады. 
Телеарнада көрсетілетін бағдарламалардың кестелері алдын ала таратылды. Соған сәйкес әр сынып өзіне арналған бейне сабақтармен танысады. Мектептегідей қатып қалған қағида жоқ. Әр мұғалімге шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік берудеміз. Оқушыларға эмоционалдық жағдай жасап, кері байланыс жасаулары қажет, - деді өз мәлімдемесінде вице-министр.

 Берілген 10 минуттық сабақта балалар керекті ақпаратты алып, әрі қарай мұғалімдерімен тікелей байланыс жасайтын болады. 
Телеарлардағы болатын 10 минуттық сабақта тек қана түсіндіру жұмыстары жұргізіледі. Әрине, оқушылар қалыпты жағдайда 40 минуттық сабаққа үйреніп қалған. Басында қысқа мерзімді түсінбей қиналатыны белгілі. Сондықтан мұғалімдер 10 минуттық сабақтан соң балаларға онлайн шығып, түсінбеген жерлерін толықтырып, тапсырмаларды орындауларына көмектесуге әбден болады. Оған ешкім шектеу қоймайды, - деді вице-министр.

Сонымен қатар, осы орайда ата-аналардың оқушыларға деген қолдауын да атап өтті. Әсіресе, бастауыш сыныптағы оқушылар ерекше назарды күтетіні рас.

Өзгелердің жаңалығы