Қазақстанда арақ өндірісі төмендеді

22 Қаңтар 2020, 14:49
2952
Бөлісу:
Қазақстанда арақ өндірісі төмендеді

Алматы, BAQ.KZ.  Елімізде өткен жылдың 12 айы бойынша алкоголь өнімдерін шығару төмендеген. 2018 жылға қарағанда арақ өнімі 34,3% төмендеп 19,5 млн литрді құраған, ликер-32,7%, коньяк - 13,2% дейін төмендеген. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.


Алайда жеңіл алкоголь сусындар өндірісі артқан. Мәселен сыра өндірісі - 10,9% артып, 663,6 млн литрді құраса,  вино өндірісі - 14,3% жоғарылап 49,9 млн литрге жеткен. 

Мұның барлығы Қазақстан халқының жеңіл алкоголь өніміне көшіп жатқанын байқатады, сондай-ақ күші жоғары алкоголь өнімін шығаратындар көлеңкелі нарыққа кетіп жатуы да мүмкін. 

БҰҰ-ның дерегінше халқы ішімдіктен көп өлетін елдердің рейтингінде Қазақстан 10-шы орында тұр. 

Өткен жылдың өзінде тек Алматы бойынша 6 мыңнан аса адам ішімдіктен уланған, оның 2 мыңдайы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Өліммен аяқталған 23 жағдай тіркелген.
Өзгелердің жаңалығы