Қазақстанда 6,4 млн теңге жалған ақша тәркіленген

4 Ақпан 2019, 12:38
2963
Бөлісу:
Қазақстанда 6,4 млн теңге жалған ақша тәркіленген

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда 6 млн теңге жалған ақша тәркіленген. Көбіне 2 мың теңге номиналды ақша қолдан жасалған. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 


Өткен жылы Қазақстанда 6,4 млн теңгеге 1 408 жалған ақша белгісі анықталған. Оның ішінде, 1 386 – банкнот болса, 22 – тиын. 2017 жылмен салыстырғанда, жалған ақша саны 26% немесе 360 дана азайған. 

Белгілі болғандай, көбіне 2 мың номиналды ақша қолдан жасалған. Оның саны 709 дананы құраса, 10 теңгелік номинал – 395 дана, 1 мың теңгелік номинал – 100 дана. 

Бақылау ведомствосының мәліметі бойынша, жалған купюралар саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Осылайша, бұл өңірде 967 дана тәркіленген. Одан кейін 120 данамен Астана және 115 данамен Шығыс Қазақстан облысы тұр.
Өзгелердің жаңалығы