Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

7 Желтоқсан 2019, 16:21
18131
Бөлісу:
Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3-7 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

Комиссия Өзбекстан Республикасының Науаи облысымен шектесетін Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының шегіндегі учаскеге Мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.

Делегациялар 2020 жылы орындауға жоспарланған Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы далалық демаркациялық жұмыстардың көлемін талқылады. Тараптар Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмысын қорытындылады, - делінген ақпаратта.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.


Өзгелердің жаңалығы