Қазақстан WeChat баламасын шығармайды – вице-министр

19 Шілде 2019, 15:09
2253
Бөлісу:
Қазақстан WeChat баламасын шығармайды – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет қытайлық WeChat баламасын жасамайды. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

«Мемлекет өзінің жеке WeChat-ын жасамайды. Бүгінде Telegram, WhatsApp-пен күресу мақсатында осындай сандық экожүйені құру үшін жұмыс істейтін әртүрлі компания бар. Нарықта мұндай шешімдер жеткілікті. Бүгінде олар адамдарды WhatsApp-тан ішкі әлеуметтік жүйеге көшуге тартады. Әрине, бізде мұндай пайда болуы мүмкін деп айта аламыз, бірақ толығымен жеке ойыншы болса, азаматтар өздері пайдалана бастайды», - деп айтты вице-министр.

Оспанов мемлекет қаржысы мұндай жобаларды әзірлеуге бөлінбейтінін айтты. 

«Бұрын «Одноклассники», содан соң «ВКонтакте» желісінде отырып, кейін Facebook желісіне ауысқаныңыз есіңізде болар. Мұнда да дәл солай. Егер жақсы қазақстандық жеке қосымша пайда болса, онда бәріміз сонда ауысамыз деп ойлаймын. Біреуді қинап кіргізу болмайды», - деді Оспанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін вице-министр «Қазақстандықтар қауіпсіздік сертификатын орнатуға міндетті ме?» деген сауалға жауап беріп, Қазақстанға 5G желісін енгізу мәселесі туралы айтты. 
Өзгелердің жаңалығы