Бас жаңалықтар
Қазақстан тарихын виртуал зерттеуге болады
17 Мамыр 2019, 09:30 450

Қазақстан тарихын виртуал зерттеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Оқушылар сарайында «Менің елім» ақпараттық-виртуалды орталықтың ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жоба «Мәңгілік ел» идеясы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары және «Жастар жылы» аясында жүзеге асырылуда. 

Шара мақсаты  – оқушылардың өз Отанының тарихы мен дәстүрлері туралы білім деңгейін арттыру, балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жүзеге асыру. 

Келушілер виртуалды көзілдірік көмегімен «Мәңгілік ел», «Абай әлемі», «Қазақстанның киелі жерлері», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Елбасы тұлғасы», «Менің кәсібім» туралы қажетті ақпарат алып, бейнематериалдармен таныса алады. 

Ал сенбі, 18 мамырда сағат 11:00-де «Ұлы дала ұрпақтары» атты мұздағы шоуды тамашалауға болады. Мұз алаңында мәнерлеп сырғанау және хоккей секциялары тәрбиеленушілері өнер көрсетеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық