Қазақстан Тәжікстаннан 24 азаматты елге әкелді

28 Наурыз 2020, 16:22
1071
Бөлісу:
Қазақстан Тәжікстаннан 24 азаматты елге әкелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің және Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлесуімен Қазақстанның 24 азаматы елге оралды. Бұл туралы еліміздегі коронавирустың ресми ақпарат көзі хабарлады.

Біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі шаралар аясында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен 28 наурызда Тәжікстаннан біздің отандастарымыз елге шығарылды. Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясының қолдауымен 24 ҚР азаматы елге аман-есен шығарылды. Бұл азаматтар Тәжікстан аумағында болған және тәжік билігі қатаң шектеу шараларын енгізгеннен кейін шыға алмай қалған - делінген хабарламада.

Осы борт арқылы Тәжікстанның 23 азаматы өз отанына оралды.

Өзгелердің жаңалығы