Қазақстан Әскери-әуе күштері жауынгерлік тікұшақтармен толықты

23 Маусым 2020, 20:38
1902
Бөлісу:
Қазақстан Әскери-әуе күштері жауынгерлік тікұшақтармен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру аясында су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшағы еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары бар Ми-35М әртүрлі метеожағдайларда тиімді қолдануға мүмкіндігі бар. Негізгі аталмыш функцияларынан басқа Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, науқастар мен жараланғандарды медицина қызметкерінің еріп жүруімен тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түрлеріне теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті.

Айта кетейік, тікұшақтарды жеткізу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен "Рособоронэкспорт" кәсіпорны арасындағы шарт шеңберінде жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы