Қазақстан құрамасының 15 балуаны коронавирус жұқтырды

29 Маусым 2020, 23:42
978
Бөлісу:
Қазақстан құрамасының 15 балуаны коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында (AIBA спорттық базасы деп те аталады) өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындарын мерзімінен бұрын тоқтатты.

Бұл туралы Karimzhan Live Telegram-арнасында хабарланды.

Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, команданың 15 мүшесінен коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Бұл спортшылар оқу-жаттығу жиыны өткізілген базада оқшауланған. Спортшылардың аты аталмағанымен, олардан коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі табылғаны айтылады. 

Сонымен қатар, Коронавирусқа тапсырған тесті терс нәтиже көрсеткен спортшылардың базадан кетіп, үйіне қайтуына рұқсат етілді. 

Өзгелердің жаңалығы