Бас жаңалықтар
Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионаты өткен стадионда ойнайды
07 Мамыр 2019, 16:16 690

Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионаты өткен стадионда ойнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы EURO-2020 іріктеу кезеңіндегі 2018 жылы әлем чемпионы ойындары өткен «Калининград» стадионында Ресей құрамасымен кездеседі, деп хабарлады KazFootball.kz. 

«Калининград» стадионы 2018 жылы тұрғызылған. Аренадан 35 016 көрермен футбол тамашалай алады. 
Ресей-Қазақстан арасындағы EURO-2020 іріктеу матчы 9 қыркүйекте өтеді. Алғашқы ойын 24 наурызда «Астана Арена» стадионында өтіп, Ресей құрамасы қазақстандық футболшыларды 4:0 есебімен жеңген болатын. Артем Дзюба мен Денис Черышев екі реттен отандық құрама қақпасына гол салды. 

Қазақстан мен Ресейдің ұлттық құрамалары I тобында ойнайды. Екі командада үш ұпайдан бар. Бірақ салған және жіберіп алған голдар саны бойынша Ресей үшінші орында тұрса, Қазақстан одан төменгі орынға жайғасты. Екі матч қорытындысы бойынша Михал Билек жаттықтыратын құрамада бір жеңіс пен бір жеңіліс бар.

Сізден жаңалық