Қазақстан Премьер-лигасы тағы кейінге қалды

29 Шілде 2020, 22:47
1848
Бөлісу:
Қазақстан Премьер-лигасы тағы кейінге қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан кәсіби футбол лигасы чемпионаттың қайта жалғасуына қатысты ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды ҚКФЛ баспасөз қызметі.

ҚКФЛ Қазақстан Республикасы Президентінің елде карантин шараларын кеңейту туралы тапсырмасына байланысты футбол жарыстарын өткізуді кейінге қалдырғанын хабарлайды. Маусымның жалғасуы туралы мәселе Қазақстан Республикасында карантин аяқталған кезде қарастырылады, - деп жазды ҚКФЛ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін чемпионат 3 тамызда қайта жалғасады деп айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы