Қазақстан мен Вьетнам арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетіледі

28 Наурыз 2019, 11:40
2176
Бөлісу:
Қазақстан мен Вьетнам арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дариға Назарбаеваның басшылығымен өткен Сенаттың кезекті отырысында «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылданды.

Жиын барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин аталған келісімге 2017 жылдың 15 маусымында қол қойылғандығын айтып өтті.

«Вьетнам елімен ынтымақтасу белсенді түрде дамып келеді. Бұл мемлекет оңтүстік-шығыс Азиядағы экономикалық тұрғыдан ең тартымды елдердің бірі. Екі ел арасындағы сауда айналысы өткен жылы 500 млн долларды құрады», - деді Андрей Лукин.

Сонымен қатар ол, аталған келесім қылмыстық іс мәселесін реттеп, тергеу әрекеттерін жүргізуде құқықтық көмек көрсетуге жағдай жасайды.

«Жалпы бұл стандартты келісім. Оған сондай-ақ құжаттарды табыстау, бұйымдарды беру және қылмыстық жолмен алған табыстар мен жылжымайтын мүлікті тәркілеу де кіреді», - деді Лукин.
 
Өзгелердің жаңалығы