Қазақстан мен Швейцария су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

7 Қыркүйек 2019, 15:39
1854
Бөлісу:
Қазақстан мен Швейцария су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің арнайы өкілі Гий Бонвэнмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар 2019 жылғы 5-6 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында өткен «Орталық Азиядағы су мәселелері жөніндегі диалог: Ұлттық деңгейден жалпыаймақтық деңгейге» тақырыбындағы екінші Орталық Азия сараптамалық форумының қорытындыларын, сондай-ақ Орталық Азиядағы су ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. 

Гий Бонвэн форумды ұйымдастыру сапасын және Орталық Азияда бірлесіп су пайдалану мәселелерін шешу бойынша ҚР Үкіметінің сындарлы шараларын атап өтті.

Өз кезегінде Роман Василенко су саласы Орталық Азия көшбасшыларының келіссөздерінің күн тәртібінде ерекше орын алатынын атап өтіп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың тамыз айында Түркіменбашыдағы Халықаралық Аралды құтқару қорының саммиті барысында айтылған бастамалары туралы хабардар етті.

Су тақырыбының өзектілігін ескере отырып, Роман Василенко Қазақстан Еуропалық Одақ және басқа да серіктестерімен осы салада белсенді ықпалдасатынын, сондай-ақ Швейцария тарапымен ынтымақтастықтың оң әсерін атап өтті.

Гий Бонвэн Швейцария одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін айтты және «Blue Peace Central Asia» швейцариялық бастамасы және Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясымен бірлескен жобалар туралы ақпарат берді.

Өзгелердің жаңалығы