Қазақстан мен Пәкістан әскері бірлескен жаттығулар өткізеді

1 Ақпан 2019, 10:35
2362
Бөлісу:
Қазақстан мен Пәкістан әскері бірлескен жаттығулар өткізеді

Астана, BAQ.KZ. Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының базасында Қазақстан мен Пәкістан қорғаныс ведомстволары арасында бірлескен оқу-жаттығуларды жоспарлау конференциясы өтті.

Екі елдің арнайы күштері қатысатын жаттығу осы жазға жоспарланған.

Конференция барысында оқытудың оқу кезеңдерінің мақсаттары, міндеттері мен тәртібі талқыланды.


Өзгелердің жаңалығы