Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім саласына жаңа қарқын беріледі

18 Қазан 2019, 22:31
17117
Бөлісу:
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім саласына жаңа қарқын беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия премьер-министрі У. Хурэлсухтың Қазақстан Республикасына сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беретін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған нормативтік-құқықтық құжаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Монғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт вице-министрі Ганболд Ганбаяр қол койды.

Кездесу барысында білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім екі елде берілген білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы мәселелерін реттейді. Сондай-ақ, Моңғолия азаматтарына бөлінетін білім гранттарының санын 5-тен 25-ке дейін (15 бакалавриат, 5 магистратура, 5 докторантура) көбейту көзделіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы