Бас жаңалықтар
Қазақстан мен Германия үкіметаралық жұмыс тобының отырысы өтеді
08 Сәуiр 2019, 18:08 555

Қазақстан мен Германия үкіметаралық жұмыс тобының отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Берлинде өтетін Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының ХІІ отырысы өтеді. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысын СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«11 сәуірде Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 12-ші отырысы өтеді. Екіжақты шарада Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев басқарады. Отырыс барысында тараптар Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың 2019 жылы Германияға жоспарланып отырған сапары аясында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың барысы мен перспективаларын, соның ішінде, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша «Жол картасын» дайындау мәселесін талқылайды», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы іс-шара шеңберінде Германия Парламентінің депутаттары, Герман экономикасының шығыс комитеті, Германия Экономикалық ынтымақтастығын алға жылжыту қоғамымен келіссөздердің өткізілуі жоспарлануда.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық