Бас жаңалықтар
Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықты дамытады
07 Желтоқсан 2019, 11:04 23343

Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықты дамытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президентінің ГФР-на ресми сапары аясында ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

5-6 желтоқсанында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында немістің ірі компаниялары, оның ішінде CLAAS және BAUMANN компанияларының басшылығымен кездесті.

Ресми делегация құрамында барған ҚР ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров ГФР азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалог" екі жақты кооперациялық жобасы аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме жасасты.

Осылайша, тараптар аграрлық азық-түлік секторындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға, сондай-ақ тәжірибе мен білім алмасуға белсенді түрде жәрдемдесуге келісті.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров Қазақстандағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығының (АМТК) қамқорлығына Неміс аграрлық орталығын  қабылдау туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Аталмыш құжат НемАО қызметіне ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығының "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ-мен (ҰАО) және "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығымен" тығыз ынтымақтастықта НемАО басқарушы комитетіне консультациялық қолдау көрсету, оның жобаларына саяси қолдау көрсету және тиімді бағыт беру міндеттемелерін бекітті, - деп атап өтті ҚР АШМ.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...