Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартады

13 Наурыз 2019, 10:52
2298
Бөлісу:
Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан осы айда мұнай өндіру көлемін тәулігіне 200 мың баррельге қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде ТАСС порталы хабарлады. 

Хьюстондағы CERAWeek салалық конференциясы аясында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдегендей, мұнай өндіруді қысқарту Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. 

Оның айтуынша, бұл наурыз айында ОПЕК+ келісімі аясындағы өз кваотасын орындауға мүмкіндік береді. Сәуірде асыра орындау жоспардан 2,5 есе жоғары болуы ықтимал. 

Қазақстан қаңтар айында мұнай өндіруді жоспарланған тәулігіне 40 мың баррельге төмендетудің орнына 2,08 млн дейін тәулігіне 50 мың баррельге арттырған болатын.
Өзгелердің жаңалығы