Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады - министр

23 Қазан 2019, 11:44
14748
Бөлісу:
Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мұнай өндіруді 2020 жылы 90 миллион тоннадан 2024 жылы 100 миллион тонннаға  дейін арттырмақ.  Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді.

"Әлемдік қаржы ұйымдарының мәліметтері бойынша, 2019 жылы мұнай бағасының консенсус болжамы бір баррель үшін 65 долларды құрайды. 2020 жылы ол барреліне 63 долларға дейін төмендейді. Базалық сценарий болжамды және бюджеттік параметрлерді құру үшін негіз ретінде қабылданады. Мұнай бағасы 55 доллар болады", - деді Даленов Мәжіліс отырысында.  

Оның айтуынша, инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың негізгі факторына айналады. Ал өнеркәсіптік тұрғыда негізгі өсім шикізаттық емес секторда - өңдеу, қызмет көрсету және құрылыс салаларында болады. 

"Мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тоннадан 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін артады. Өйткені, Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарындағы мұнай өндіру көлемін ұлғаяды", - деді Дәленов.  

Министрдің айтуынша, ЖІӨ-нің нақты өсімі 2020 жылы 4,1% деңгейінде болжанады.  2024 жылы ол 4,7%-ға дейін жетеді. 

"Жалпы ішкі өнімнің өсуі жалпы капиталды қалыптастыру, ішкі тұтыну мен экспортты ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі", - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы