Бас жаңалықтар
Қазақстан кез келген өзгеріске жылдам бейімделеді - Эльвира Азимова
27 Наурыз 2019, 16:18 424

Қазақстан кез келген өзгеріске жылдам бейімделеді - Эльвира Азимова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жыл гендерлік теңдікті тез іске асыру және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызды жыл болайын деп тұр. Бұл туралы елордада өткен конференцияда айтылды.  

Әлемдік қоғамдастық әйелдердің жағдайы бойынша өткізілген Төртінші Бүкіл дүниежүзілік конференция өтуінің және Бейжің декларациясы мен іс-әрекеттер тұғырнамасын қабылдауының (1995 ж) 25 жылдығын,  сонымен қатар 2020 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібі және тұрақты дамуға қатысты, оның мақсаттарының қабылдануының 5 жылдығын атап өтті.  

"Қазақстан кез келген өзгеріске жылдам бейімделеді. Шағын  және орта бизнестің 67 пайызын әйелдер басқарады. Мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі - әйелдер құқығы мен мүмкіндігін кеңейту. 2030 жылға дейін әйелдерге қатысты мына мәселелер кезең-кезеңімен  бір жолға қойылуы керек. Олар: кәсіпкерлік, сапалы білім,  әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау",  - дейді Әділет комитеті министрінің орынбасары Эльвира Азимова.

Бүгін өтіп жатқан шараны "БҰҰ-Әйелдер" құрылымы және Азиялық даму банкі ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылды.

                                                                                                                                              Зарина Абильмажинова 

фото: автордікі


Загрузка...

Сізден жаңалық