Қазақстан ет пен сүт өндірісі бойынша ЕЭО елдері арасында көш бастап тұр

11 Қыркүйек 2019, 14:38
2756
Бөлісу:
Қазақстан ет пен сүт өндірісі бойынша ЕЭО елдері арасында көш бастап тұр

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан ет пен сүт өнімдерін өндіруде Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастап тұр. Бұл туралы LS басылымы хабарлады.

Елімізде 2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері өткен жылға қарағанда 3,5% артқан. Ресейдің көрсеткіші 2,5%, Қырғызстанда 1,9%, Беларусияда – 5,6%. Ал Арменияда керісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімі 6,5%-ға төмендеп кеткен. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері айғақтап отыр.

Еліміздің ауыл шаруашылық өнімдері ішінде әсіресе сүт, ет және тауық етін өндіру мөлшері айтарлықтай өскен. 2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 989,9 мың ет пен тауық еті өндірілген, бұл өткен жылға қарағанда 4,6% жоғары.

Аталған мәлімет бойынша, Қазақстан ет өндіруде ЕЭО елдерінің бәрін басып озған. Ресейде ет өндірісі 1,2% өссе, Қырғызстанда 1,6% артқан. Алайда Беларусия мен Арменияда 2,2% және 4,1% төмендегені байқалады.

Қазақстан сонымен қатар сүт өндірісі бойынша да Одақ ішінде көш бастады. Еліміз жарты жылда 3,5 млн тонна сүт өндірген, бұл 2018 жылға қарағанда 3,2% жоғары.
Өзгелердің жаңалығы