Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне сенім грамоталарын тапсырды

17 Маусым 2019, 10:38
1464
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әл-Салам сарайында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Азиз Әл Саудқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасиетті Сауд Арабиясы Королі жаңа сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ыстық сәлемі мен ықыласын жолдап, Қазақстан халқына толассыз өркендеу мен даму тілектірін білдірді.

Король Сауд Арабиясының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін қуаттай отырып, елшіге дипломатиялық қызметінде жемісті болуына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан елшісі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы