Бас жаңалықтар
Қазақстан елшісі Латвия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
11 Желтоқсан 2019, 18:02 1199

Қазақстан елшісі Латвия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасының президенті Эгилс Левитске сенім грамоталарын тапсырды. 

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі шеңберінде Латвия Республикасының президентімен жеке сұхбат өте жылы және өзара сенім негізінде өтті. 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларын одан әрі кеңейту мен тереңдетуге, сондай-ақ  екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін, білім беру, туризм, фармацевтика, IT және жасыл технологиялар, киберқауіпсіздік және т.б. салаларды ілгерілетуге өзара қызығушылық білдірілді, - делінген ақпаратта.   
Президент Э.Левитс Қазақстанды өңірдегі басты сауда-экономикалық әріптесі, сонымен қатар Орталық Азиядағы тұрақтылық және қауіпсіздік орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті. 

Латвиялық көшбасшы Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 



Фото: дереккөз
Загрузка...