Қазақстан депутаттары Азия Парламенттік Ассамблеясының шараларына қатысты

16 Желтоқсан 2019, 17:02
1814
Бөлісу:
Қазақстан депутаттары Азия Парламенттік Ассамблеясының шараларына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Әлімжан Құртаев пен Мәжіліс депутаты Сәкен Қаныбеков Азия Парламенттік Ассамблеясы Атқарушы кеңесінің 2-ші кездесуі мен "Азия парламенттері арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың рөлі" тақырыбы бойынша өткен 12-ші жалпы отырысына қатысты.

14-16 желтоқсан күндері Анталья қаласында (Түркия) өткен осы шаралар барысында сондай-ақ АПА Президенті мен вице-президентінің сайлауы, тұрақты комитеттердің отырыстары өтіп, ассамблеяның Бас хатшысы мен тұрақты комитеттері төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Шара қорытындысы бойынша Анталья декларациясы қабылданады. Жалпы отырысқа Азия аймағындағы 22 елден келген парламенттер мүшелері, Парламентаралық Одақтың төрағасы Габриела Куэвас Баррон және ИЫҰ Палламенттік Одағының басшылығы қатысты.

Өзгелердің жаңалығы