Қазақстан ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясына қатысты

14 Қыркүйек 2020, 12:49
1092
Бөлісу:
Қазақстан ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының 70-сессиясы басталды, COVID-19 пандемиясына байланысты биыл жиын алғаш рет виртуалды форматта өтеді.

Еуропа аймағындағы ДДСҰ-ға мүше 53 мемлекеттің Денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар, сондай-ақ, серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері екі күн бойы денсаулық сақтау саласындағы түрлі мәселені талқылайды.
Қысқартылған сессияның күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі: аймақтағы және әлемдегі COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл мен тәжірибе, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарлама. Сессияның алғашқы күнгі бағдарламасында Данияның Ұлы мәртебелі кронханшайымы сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Бұдан кейін Еуропалық өңірлік комитеті жиырма жетінші шақырылымның Тұрақты комитетінің есебі тыңдалып, тиісті қарардың жобасы қабылданады, - делінген ҚР ДСМ таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, ДДСҰ бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейесус аймақтық комитет сессиясының делегаттары алдында сөз сөйлейді. Ол әлемдегі жағдайға, соның ішінде COVID-19 пандемиясымен күресу тәжірибесіне шолу жасайды.

Сессия отырыстары ағылшын және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сонымен қатар, халықаралық жиын ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының арналары арқылы жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы