Қазақстанда "Жер сағаты 2020" акциясы онлайн режимде өтті

30 Наурыз 2020, 19:31
2797
Бөлісу:
Қазақстанда "Жер сағаты 2020" акциясы онлайн режимде өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жер сағаты 2020" Акция бүкіл әлем бойынша 28 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін (Алматы уақыты бойынша) өтті. 11 жыл бойы Алматы мен Қазақстанның басқа да қалалары бұл акцияға белсене қатысып келеді. 

Биыл "Жер Сағаты" халықаралық акциясы Қазақстан үшін ең ауқымды болды. Әлемнің көптеген елдерінде акция жыл сайын қала алаңдарында,  белгілі ғимараттарының жанында, ғаламшардың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдардың үлкен санын жинайтын Бірақ 2020 жылы коронавирус індетінің өршуіне байланысты бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты биыл "Жер сағаты" акциясы онлайн форматта өтті. 

Акция арқасында көптеген адамдар ғаламшар ресурстарының  таусылу мәселесі туралы білді. Бұл мегаполис тұрғындары үшін табиғатқа не көмектесе алатынын ойлауға, өзінің жауапкершілігі туралы ойлануға мүмкіндік. Біздің әрқайсымызға электр энергиясын, суды үнемдеу, қалдықтарды қоқысқа тастау және қайта өңдеуге тапсыру, тамақ пен заттарды сатып алуға саналы түрде қарау, жануарларға көмектесу өте маңызды.

Акция барысында барлық тұрғындар өз үйлерінде жарықты өшіріп, акцияға қолдау көрсетсе, ал ұйымдар өз ғимараттарының сыртқы декоративті жарықтандыруын тоқтатты. 

Індет пен пандемия өтеді, ал қоршаған ортаға әрқашан қамқорлық жасауымыз  керек - деді  "Green Oi "ақылды экология қор жетекшісі Думан Капасов.


Өзгелердің жаңалығы