Бас жаңалықтар
Қазақстан азаматтары өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін біле алады
18 Қазан 2019, 22:12 559

Қазақстан азаматтары өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін біле алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматтары енді өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін біле алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан азаматтары енді imei.rfs.gov.kz/checkiin/ қол жетімді қызметті пайдаланып, тіркелген ұялы нөмірлер санын тексере алады.

Бір абонентке қанша нөмір тіркелгенін білу үшін азаматтың ЖСН енгізу қажет. Жүйеде тіркелген абоненттік нөмірлердің саны, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін операторлар көрсетіледі.

Егер абонент өзінің жеке сәйкестендіру нөміріне белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгенін анықтаған жағдайда телекоммуникациялар комитеті белгісіз нөмірді жаптыруды ұсынады.
"Азаматтар бұрын-соңды тіркелмеген және өздері үшін пайдаланбайтын нөмірлердің иелері екендіктерін білетіндіктен бізбен жиі байланысады. Сондықтан қазақстандықтарға тіркелген нөмірлердің санын тексеруді ұсынамыз. Өйткені нөмір иелері оларды пайдалануға жеке жауап береді", - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитетінің төрағасы  Виталий Ярошенко.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталды. Қазіргі уақытта барлық ұялы телефондар SIM карталарын ұстаушылардың ЖСН-мен байланыстырылған. ЖСН-ді SMS арқылы 2018 жылы жазбаған абоненттер тіркелмеген телефондар автоматты түрде тіркелді (2019 жылдың 1 қаңтары) және пайдаланылған SIM-карталарға байланған.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...