Қазақстан қанша елге бидай экспорттайды

17 Қаңтар 2020, 21:38
2835
Бөлісу:
Қазақстан қанша елге бидай экспорттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың I жартыжылдығында шамамен 533 млн долларға 3 млн тонна бидай экспортталған. Жеткізудің заттай көрінісі 2,6%-ға қысқарғанымен, астық сатудан түскен пайда 16,2%-ға өскен.

Экспорттың тең жартысы, яғни 1,1 млн тонна – Өзбекстанға, 521 мың тонна – Тәжікстанға тиесілі. Әзербайжан – 224,7 мың тонна, Қытай – 197,3 мың тонна, Түркіменстан 171,8 мың тонна, Ауғанстан – 133,5 мың, Түркия – 110,5 мың тонна, Италия 106,4 мың тонна қазақстандық астықты сатып алған.

Сонымен қатар елімізден астық импорттайтындар қатарында Ресей мен Қырғызстан және Грузия бар.

Өзгелердің жаңалығы