Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалыпты болады

15 Қазан 2019, 08:49
1280
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалыпты болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қазанда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы қалыпты болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің барлық қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы