Қазақстан 61 елмен визасыз режим орнатты

23 Шілде 2019, 07:35
2170
Бөлісу:
Қазақстан 61 елмен визасыз режим орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің инвестициялық тартымдылығы мен қолайлы бизнес-климаты үшін визалық-көші-қон режимін ырықтандыруға арналған шаралар кешені қабылдануда.

«Бүгінгі таңда Қазақстан 61 елмен визасыз режим орнатты. Атап айтқанда, көші-қон қызметі органдарында тіркелу қажеттілігінсіз 30 тәулікке дейін 45 елге біржақты тәртіпте визасыз режим берілді; екіжақты негізде 19 елмен (Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей және Украина 90 тәулікке дейін, Әзірбайжан, Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Корея, Куба, БАӘ, Сербия, Тәжікстан, Түркия және Эквадор 30 тәулікке дейін, Гонконг 14 тәулікке дейін) келісім жасалды»,-делінген хабарламада.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес шетелдіктер Қазақстан Республикасына келгеннен кейін бес күн ішінде тіркеуді ресімдеуге міндетті.

Тіркеу келесі тәсілдермен ресімделеді:

- экономикалық дамыған және әлеуметтік тұрақты 56 елдің азаматтары, сондай-ақ барлық шетел азаматтары - ҚР-ға кіру кезінде Шекара қызметі;

- визалар бойынша келушілерге (тіркеу мекенжайы шақыруды ресімдеу кезінде жазылады және шекараны кесіп өту кезінде белсендіріледі);

- электрондық түрде визалық көші-қон порталы немесе электрондық үкімет порталы арқылы, бұл ретте қабылдаушы тараптың электрондық мекенжайына тіркеу карточкасы келіп түседі;

- қабылдаушы тарап көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жеке жүгінген кезде, онда тіркеу куәлігі беріледі.

 

 

Өзгелердің жаңалығы