Қазақстан 40 млрд теңгеге жаңа спутник құрастырады

29 Қаңтар 2020, 20:13
1148
Бөлісу:
Қазақстан 40 млрд теңгеге жаңа спутник құрастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан 2020 жылы KazSat-2R спутнигін құруды бастайды. Бұл туралы цифрлік даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

Біз бүгінде спутниктің бейнесіне сәйкес ТЭН-мен айналысудамыз, содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. ТЭН құны шамамен 40 миллиард теңгені құрайды, – деді министр.

Асқар Жұмағалиев сөзінше, көрсетілген қаражат спитник үшін және жер серігі қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет жердегі жүйелермен байланысты басқа да шығындарға жұмсалады.

Сондай-ақ, ол құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейінірек конкурс жарияланатындығын, содан кейін бас мердігерді анықтайтынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы