Қазақ аграрлық ғылымының алып бәйтерегі құлады

11 Шілде 2020, 01:20
5499
Бөлісу:
Қазақ аграрлық ғылымының алып бәйтерегі құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Абдулла Сапарұлы Сапаров дүниеден озды. 

Бұл туралы журналист Марат Тоқашбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Абдулла Сапарұлы бар ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған. 2003 жылдан бері Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметін атқарды.
Абдулла Сапарұлы бар саналы ғұмырын топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын зерттеуге, минералды қоректік заттарды (тыңайтқыштарды) оңтайлауға, топырақтың құнарлылығын сақтау, оны жоғарылату және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға арнай отырып, бірталай жетістікке қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласында орны айрықша, білімі телегей дариядай асқар ғалымдардың бірі әрі бірегейі еді, – деп жазды Марат Тоқашбаев. 

Өзгелердің жаңалығы