Қайырымды істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын - Нығматулин

31 Шілде 2020, 11:24
2279
Бөлісу:
Қайырымды істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын - Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. 

Барша қазақстандықты мұсылман қауымының ең бір қасиетті де ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам бірлігімізді нығайтып, халқымыздың татулығын арттырып, елдігімізді күшейтеді. Осы қасиетті мерекеде жасаған қайырымды істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Құрбан айттың басты құндылықтары – ол адамдардың бір-біріне жанашырлықпен қарауы, қамқорлық танытып және жақсылық жасауы. Осындай ізгі де мейірімді амалдар бүгінгідей күрделі кезеңде әрбір адамға өте қажет – деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және әрбір отбасына бақ-береке тiледі.


Өзгелердің жаңалығы