Айыртауда сүт фермасы iске қосылды – СҚО

9 Қаңтар 2021, 07:49
1120
Бөлісу:
Айыртауда сүт фермасы iске қосылды – СҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында сүт фермасы өз жұмысын бастады. Бұл жаңалықпен әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов бөлiстi.

Облыстың барлық iрi ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi еттi немесе сүттi мал өсiрудi қолға алуы керек. Бұл жергiлiктi атқарушы билiк пен фермерлерге ортақ мiндет. Жобалар мемлекеттiк қолдаудың көмегiмен жүзеге асырылуда. Бiрлескен жұмыс өз нәтижесiн беруде, – деп жазды өңiр басшысы.

Соңғы уақытта облыста 12 заманауи сүт фермасы пайдалануға берiлдi. Кеше Айыртау ауданында «Арна» шаруашылығының жаңа сүт фермасы iске қосылды. Облыста 6 сүт кешенiнiң құрылысы жалғасуда. Биыл тағы 10 ферманың құрылысы басталады.

Ет шаруашылығын дамыту үшiн 3 мал бордақылау алаңының құрылысын бастау жоспарланған болатын. Қызылжар ауданында бiр мал бордақылау алаңы пайдалануға берiлдi. Уәлиханов және Ақжар аудандарында 13 мың басқа шақталған екi iрi мал бордақылау алаңының құрылысы жүргiзiлуде. Асыл тұқымды мал әкелiндi.


Өзгелердің жаңалығы