Айтжанов Сәкеннің жеңісіне баға берді
07 Қараша 2021, 15:46 1204

Айтжанов Сәкеннің жеңісіне баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов дүбірлі сынға шәкіртінің қалай дайындалғанын айтып, сұхбат берді деп жазады Olympic.kz. 

Олимпиададан кейін қайтадан шыңға шығу өте қиын. Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскенбіз. Сол кезде Сәкеннен қайталап сұрадым. «Мүмкін, қатыспай-ақ қоярсың, демаларсың» деген ой болды. Бірақ ол өз ойынан айнымай, Олимпиадада кеткен есесін қайтаратынын айтты. Мінеки, тынымсыз дайындалған Сәкен сөзінде тұрды, әлем чемпионы атанды.  Мұның бәрі еңбекпен келді. «Еңбек бәрін жеңбек» деген сөздің дұрыстығын дәлелдеді, - дейді Мырзағали Айтжанов.  

Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...