Айтыскер ақындар бастаған республикалық тур 22 қаланы қамтиды

19 Сәуір 2019, 14:23
4520
Бөлісу:
Айтыскер ақындар бастаған республикалық тур 22 қаланы қамтиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық турына арналған баспасөз-конференциясы өткізілді.

Баспасөз-конференциясына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, айтыскер-ақындар Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов қатысты.

Айтыскер ақындар бастаған республикалық тур 22 қаланы қамтиды

Республикалық тур 25 сәуір Талдықорған қаласында басталып, кештер легі Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз - бас-аяғы 22 қалада жалғасын табады деп жоспарлануда. 

Бұл ауқымды жобаның ең басты мақсаты - қазақ халқының арасында, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде айтысты кеңінен бағыштау. "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген басымдықтар қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына қатысты. Ал соның ішінде айтыс өнері ерекше орын алады. 

Айтыскер ақындар бастаған республикалық тур 22 қаланы қамтиды

"Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры" жобасының аясында айтыс өнерінің өткеніне тағзым беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы модернизациялау барысында айтысты бүгінгі заманның келбетіне қалай икемделетіні, жаңғыруына қандай үлес қосатыны ашылады. Жиырма екі қалада орын алатын ғаламат ән мен жырдың шеруі шоу элементтерін қамтиды. Демек, жиынның, той-томалақтың деңгейінен айтыс ауқымды аудиторияның қабылдауына лайық толыққанды мәдени шара ретінде көтеріледі.

Айтыскер ақындар бастаған республикалық тур 22 қаланы қамтиды

Әр қалада еліміздің белгілі ақын айтыскерлері – Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғаков өнерлерін көрсетеді.

Айтыскер ақындар бастаған республикалық тур 22 қаланы қамтиды

Сонымен қатар Республикалық турдың аясында 1 мамыр күні Алматы қаласында, AlmatyArena мұз айдынында айтыскер ақын Балғынбек Имаш, өнер жолының жиырма бес жылдығына арналған мерекелік концерті өтеді.

Өзгелердің жаңалығы