Айтқұрман Омарбековке жаңа міндет жүктелді

6 Қаңтар 2022, 12:17
865
Бөлісу:
Айтқұрман Омарбековке жаңа міндет жүктелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтқұрман Омарбеков Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысының міндеттерін атқарушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысының міндеттерін уақытша атқарушысы болып тағайындалды - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы