Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын құттықтады

29 Қыркүйек 2021, 19:03
20759
Бөлісу:
Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанайда білім беру саласындағы маңызды салтанатты іс-шара өтті.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Биыл оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, аса көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты біз іс-шараны ұлы ағартушының туған жерінде өткіземіз деп шешім қабылдадық, - деді ол.

Министрдің сөзінше, 2020 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. 

Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Президенттің қолдауының арқасында және осы заңның қабылдануының нәтижесінде біз мұғалімдердің жалақысын арттырып, педагогтерді өзіне тән емес функциялардан босату бойынша жұмыс жүргіздік. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 мұғалім «Үздік педагог-2021» атағына ие болды. Педагогтердің әрқайсысы 1000 АЕК көлемінде сертификатпен және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар ақшалай сыйақылар жергілікті атқарушы органдар тарапынан да бекітілді. Бұл күні 10 педагог «Еңбек ардагері» медалімен және «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Педагогика саласының еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетілді. Барлық жеңімпазды лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Қажырлы еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын, - деп түйіндеді БҒМ басшысы.
Өзгелердің жаңалығы