Аймағамбетов: Олар белсенді, креативті және еркін ойлайды

17 Мамыр 2021, 18:22
3082
Бөлісу:
Аймағамбетов: Олар белсенді, креативті және еркін ойлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен, оқушылармен тікелей эфирде әңгімелесу үрдісін жалғастыратынын айтты.

Сенбі күні тікелей эфирде мектеп оқушыларымен әңгімелестім. Армандары тілші болу екен. Сондықтан олар белсенділік танытып, маған біраз сұрақтар қойды, жақсы сұхбат өткіздік. Балаларды әртүрлі тақырыптар қызықтырды: дәстүрлі оқу форматына оралу, пандемия аяқталғаннан кейін онлайн-оқыту элементтерін пайдалану мүмкіндіктері, қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері және ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу - деп жазды министр өз парақшасында.

Ол оқушылардың сұқбат барысында өзінен не сұрағанын айтты.

Сондай-ақ, оқушылар менен мектептегі сүйікті пәндерім, кітаптар, спорттық хобби және емтихандарды қалай тапсырғандарымды сұрады. Ата-аналар мен мұғалімдерге осындай дарынды балаларды оқытқаны және тәрбиелегені үшін алғыс айтқым келеді. Мен мектеп оқушыларымен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне де, балалардың сұхбаттағы дайындық деңгейіне де шын жүректен риза болдым - дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол қазіргі жастар, әрине, мүлдем басқа екенін айтты.

Олар белсенді, креативті және еркін ойлайды. Қойылған сұрақтардың сапасына, әңгімені жүргізген деңгейлеріне қарап, ұстаздардың дұрыс бағытта жұмыс жасайтынын байқадым. Сонымен қатар, біз балаларымыздың сапалы білім алуы үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді салып, жұмысты жалғастыратын боламыз - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы