Бас жаңалықтар
Аймақтардағы стационарларда реанимациялық төсек-орын тапшы – ДСМ
03 Шілде 2020, 11:36 108

Аймақтардағы стационарларда реанимациялық төсек-орын тапшы – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық  коммуникациялар қызметі алаңында өткен "COVID-19 жұқтырған тұрғындарға медициналық көмекті көрсету мәселесі жайлы" онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Алматы қаласында COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқастардың негізгі үлесі скрининг кезінде және байланыста болған адамдар арасында анықталуда. Алайда, қалада COVID-19 инфекциясына күдікті пациенттерді емдеуге жатқызатын провизорлық ауруханалардың орны толы. Бүгінгі таңда стационарларда реанимациялық төсек-орындар тапшы. Бұл жерлерде пневмонияның ауыр түрімен ауыратын пациенттер ем алуда, - деді вице министр. 

Ажар Ғинияттың айтуынша, COVID-19 инфекциясы бойынша жағдайы күрделі үшінші өңір – Атырау облысы. 

Кен орындарда өршулер көп болуына байланысты Атырау облысы бойынша инфекциялық төсек-орын қоры да тез толықтырылды. Бұл жерге жұмыскерлер жұмысқа өңірдің түрлі аудандарынан, басқа облыстар мен елдерден келеді. Шымкент қаласындағы инфекциялық ауруханаларда реанимациялық төсек-орындар жеткіліксіз. Шымкент – халқы тығыз қоныстанған қалалардың бірі. Онда Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты қалаларға қарағанда ірі республикалық клиникалар жоқ, қалада жалпы төсек қоры шектеулі, - деді ол.

Вице-министр сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында инфекцияны сырттан әкелу жағдайлары көп екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол азаматтардың арасында науқастармен байланыста болғанын әдейі жасыру жағдайлары да орын алып отырғанын айтты.

Облыс басқа елдермен шекаралас және сыртқы шекаралас көші-қон және көршілес облыстарға ішкі еңбек миграциясымен ерекшеленеді. Осыған қатысты бұл облыстарда байланыста болған адамдарды анықтау жұмысын жүргізу өте қиынға соғуда. Елде байланыста болған адамдардың саны көбеюде. Ол бүгінгі таңда 115 мың адамға жетті. Байланыста болған адамдар әлеуетті науқас болғандықтан, дәрігерлер олардың COVID-19 инфекциясына тестілеу, динамикалық бақылау жұмысын жүргізуде. Өкінішке қарай, азаматтардың арасында байланыста болғанын әдейі жасыру жағдайлары да орын алады, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...