Аймағамбетов: Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына баса назар аударамыз

31 Наурыз 2020, 13:39
2624
Бөлісу:
Аймағамбетов: Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына баса назар аударамыз

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг кезінде ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов карантин жағдайында қашықтан оқытудың жаңа форматы жөнінде айтып берді.

Білім беру саласында коронавирус инфекциясына байланысты алдын алу шаралары іске асырылуда. Бұл туралы біз бірнеше рет мәлімет берген болатынбыз. Ең басты мәселелерге тоқтала кетсем, 15 наурыздан бастап мектеп оқушылары каникулға шыққан болатын, ал колледж және ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап қашықтан оқыту форматында оқып жатыр. Қосымша білім беру ұйымдары, музыкалық мектептер, балалар сарайлары жұмыстарын тоқтатып, тек кейбір бағыт бойынша қашықтан оқыту арқылы жұмыстарын әрі қарай жүргізуде, - деді министр.
Балабақшалар жұмысына тоқталан Асхат Аймағамбетов бүгінде балалардың тек 5 пайызы ғана  балабақшаға барып жүргенін айтты.   
Бұған дейін хабарлағанымыздай, балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді деп айтылған болатын, алайда, ата-аналар шешімді өздері қабылдайды дедік. Соның салдарынан басында 70 %-ға, одан кейін 40 %-ға төмендесе, бүгінде балалардың тек 5 пайызы ғана  балабақшаға келіп жатыр, - деді ол.  
Ұстаздардың жұмысына қатысты пікір білдірген министр, олардың 16 наурыздан бастап үйде қашықтан жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Мектеп, колледж, университет педагогтары қазір арнайы курстан өтуде. 
Қашықтан оқытатын болғандықтан, біз мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына баса назар аударудамыз. Әр облыста қашықтан оқыту бойынша арнайы жобалық кеңселер құрдық, БҒМ-де де жобалық кеңсе жұмыс істуде. ЖОО мен колледждерде олардың мектепке қарағанда дайындық деңгейлері өте жоғары. Бірақ, бұл мәселе бойынша да мониторинг жүргізудеміз. Себебі, қазіргі уақытта сабақтардың кесетеге сәйкес болу мәселелері біздің бақылауымызда. Интернет провайдерлер бойынша келіссөздер жүргіздік. Осы келіссөздер шеңберінде білім беру ресурстарын арнайы тізім бойынша ақысыз пайдалануға болады. Бұл тізімді біз белгілеп беріп отырмыз. Сондықтан, осы тізім бойынша білім беру, білім алу осы ресурстарға кіретін болса, онда бұл ақпарат көздері тегін беріледі. Бақылау сапаны қамту департаменттері жұмысты жүргізіп жатыр. Біз бұл мәселені бақылап отыру үшін ситуациялық орталық құрдық, бұл орталық бойынша күнделікті мектеп, ЖОО, колледждер бойынша 6 сәуірден бастап, бақылау жұмысын жүргізетін боламыз. Себебі, бізге қашықтан оқытуға көштік дегеннен гөрі мазмұны маңызды, - деді Асхат Қанатұлы.




Өзгелердің жаңалығы