Бас жаңалықтар
Тұңғыш рет "Айка" фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
02 Сәуiр 2020, 16:48 166

Тұңғыш рет "Айка" фильмі қазақ тілінде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың Sataifilm киностудиясы және Qazaqstan Ұлттық телеарнасы ең үздік отандық фильмдер онкүндігін бастайды.

5 сәуірде эфирге алғаш болып ұлттық "Тұлпар" киножүлдесінің 6 бірдей марапатын жеңіп алған "Оралман" көркем фильмі шығады.  

Киноапталықта қазақстандық көрермен отандық "Шырақшы", "Композитор" фильмдерін және Канн фестивалінің жүлдегері атанған Самал Еслямова басты рөлді сомдайтын "Айка" көркем фильмін тұңғыш рет телеэкраннан қазақ тілінде тамашалайды.  

Qazaqstan арнасындағы отандық фильмдер онкүндігінде одан бөлек, "Томирис", "Жерұйық", "Жаужүрек мың бала", "Анаға апарар жол", "Талан", "16 қыз", "Ең сұлу", "Қазақ хандығы: Алтын тақ" сынды отандық кинематографияның үздік туындылары енгізілді. Киноапталықта ұсынылатын қазақ мультипликациясының озық өнімдері "Мұзбалақ", "Күлтегін", "Ер Төстік пен айдаһар" анимациялық фильмдері ересектермен бірге, балалар аудиториясы үшін де негізгі тарту болмақ, - делінген таратылған ақпаратта.



Фото: дереккөз
Загрузка...