Әйгілі футболшы Диего Марадона қайтыс болды

25 Қараша 2020, 23:50
2094
Бөлісу:
Әйгілі футболшы Диего Марадона қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы, аргентиналық Диего Марадона қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

БАҚ-тағы мәліметтерге сүйенсек, футболшының жүрегі тоқтап қалған. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, алайда дәрігерлер де дәрменсіз болды.

Аргентина президенті Марадонаға үш күн аза тұту күнін жариялады.

Диего Марадона - 1960 жылы 30 қазанда Буэнос-Айресте дүниеге келген. Клубтық деңгейде Марадона «Бока», «Барселона», «Севилья» және «Наполи» клубтарында ойнады, Италия құрамасында екі дүркін ел чемпионы болды, УЕФА кубогін жеңіп алды. Аргентина құрамасында 91 матч өткізіп, 34 гол соққан.


Өзгелердің жаңалығы