Айгүл Соловьева: Локдаунда жауапкершілік тікелей халыққа түседі

2 Шілде 2020, 20:36
2644
Бөлісу:
Айгүл Соловьева: Локдаунда жауапкершілік тікелей халыққа түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.  Осыған орай Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басшысы Айгүл Соловьева пікір білдірген еді.

Елдегі жағдай геометриялық прогреспен күрделеніп келеді. Коронавируспен ауырып жатқандар көп, қаза болғандар саны да күн санап артуда. Сондықтан, локдаун түріндегі карантиндік шаралардың қабылдануы – бұл төтенше жағдай кезінде заңға сәйкес қабылданатын шара емес, мұнда жауапкершілік тікелей халыққа түседі. Яғни, азаматтар оқшаулану режимін мұқият ұстануы керек. Менің ойымша, бұл сөзсіз дұрыс шешім болды. Екі апта экономикаға айтарлықтай зиян келтіре қоймас деген ойдамын. Алдымен, осы 14 күн ішінде қандай өзгеріс болатынын байқастап, егер вирус жұқтыру деңгейі төмендесе, қаншалықты деңгейге төмендегенін саралау қажет. Үкімет құрған мемлекеттік комиссия жағдайдың оң-теріс жақтарын бағамдап берді, бізге тек сол шараларды ұстану қалды. Менің ойымша, бұл шара дер кезінде қабылданып отыр, - деді ол.

Айгүл Соловьева экономикаға екі апталық шектеу шараларынан гөрі пандемиядан орасан зиян келетінін түсіну керек деген пікірде.
Бұл жерде экономиканың дамуына тікелей әсер ететін қаншама жұмыс орындары, мамандар, адами капиталды жоғалтқаннан гөрі адамның аман-сау болып, денсаулығы мықты болғаны тиімдірек деуге болар. Есеп болуы керек, себебі, коронавирустан кейін қандай қиындық туындайтынын, қанша адам вирустан емделу мақсатында қанша жұмыс уақытын жоғалтатынын ешкім білмейді. Бұл дегеніңіз бюджетке түсетін салмақ. Экономикаға екі апталық шектеу шараларынан гөрі пандемиядан орасан зиян келетінін түсіну керек. Сондықтан бұл мәселеге адам, адамның денсаулығы призмасы арқылы қарап,  егер мұндай карантин шаралары енгізілмесе, экономикаға келер зиянның қандай болатынын ескеру керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы